5175KZ Spring-Summer 2020 Product Catalog FINAL_KZ

Жеңіс әрдайым алда!

ДЕЙІН

КЕЙІН

#минусөлшемдер

Жаннат Мырзабек (Зена) 37 жас -62 кг

Менің есімім Жаннат, мен Ақтөбе жол полициясында қызмет атқардым. ЖПС кестесі нормаланбаған, дұрыс тамақтануға мүмкіндік болмады. Әрдайым біз майлы тамақ, жеңіл ас ретінде шоколадтарды жедік, газдалған сусындар іштік. 50 кг салмақ жинағанымды байқамай қалдым. Денемді көтере алмаған кезде ғана сезіндім. Арықтау үшін барлық амалдарды жасадым – бірақ ештеңе көмектеспеді. Осылайша 10 жыл өтті. Маған бірнеше рет арықтауға ұсыныс жасалды, мен ешкімге және ештеңеге сенбедім. Бір күні танысымды кездестірдім, ол тамақтану дағдыларын өзгерту және Herbalife Nutrition өнімдерінің* көмегімен 40 кг-ға арықтаған. Мен дереу СӨС клубына келдім де, табалдырықты аттай сала: бір ай ішінде салмақ тастамасам, ешқашан мұнда келмеймін - деп өз шартымды қойдым. 3 күннен кейін таразыда өлшенсем, салмағымның 3,6 кг-ға* азайғанын көрдім. Таң қалдым. 7 айда 50 кг* салмақ тастадым. 2017 жылы келісімшарт жасап, табыс табуға кірістім. Осылайша менің жаңа өмірім, жаңа тағдырым, жаңа Мен пайда болдым! 2018 жылы алғаш рет өзімнің Көшбасшылар мектебіне бардым және өз-өзіме сенбедім. Мен қарапайым супервайзер едім, бірақ маған ерекше көңіл бөлінді: қызыл кілем, сыйлықтар, еңбегімді бағалау. Мен мұндайды армандаған емеспін, ал мұнда болудың өзі керемет екен, себебі сені бағалайды, жеке бизнесіңнің жолында алып жүреді, әрдайым оқытады және қолдау көрсетеді. Осыдан кейін одан әрі әрекет ете бастадым – өзімнің жеке СӨС клубымды аштым**. 2019 жылы құрбым маған Түркияда өтетін Mrs. International Сұлулық конкурсына қатысуға кеңес берді. Дайындық мен үшін сынақ болғанымен, ұмтылысым бекер болмады: мен тәжге және «Топ-модель 2019» атағына ие болдым, сондай-ақ Мәскеудегі Beauty World конкурсына жолдама алдым, онда да мен негізгі тәжге ие болдым. Енді мені 2020 жылғы мамырдағы Mrs. Universe конкурсы күтеді. Мен тағы да 10 кг арықтап, жоғары деңгейде қатысқым келеді. Енді, менің қолымнан не келетінін білемін! Менің жұмыс күнім – сағат 7-ден 11-ге дейін. Сағат 11:00-ден кейін мен мүлде боспын. Спортзалға, сұлулық салонына баруға уақытым бар, отбасыма және балама да уақытым жеткілікті. Не істесем де өзім білемін. Мұның барлығы жетістікке қолжеткізуге көмектесетін және өзіңнің жеке бизнесіңді дамыту мүмкіндіктерін ұсынатын Herbalife Nutrition өнімдерінің арқасында! *Салмақты бақылауға қатысты кез келген тұжырымдамалар Herbalife Nutrition-ның өзгелерден бөлек үйлестірілген диета, тұрақты дене жаттығулары, сұйықтықтың қажет мөлшерін күнделікті пайдалану, қажет болған жағдайда биологиялық белсенді қоспаларды пайдалану және жеткілікті деңгейдегі демалыстан тұратын салмақты бақылау бағдарламасына кіреді. Барлық нәтижелер өзіндік ерекшелікке ие және әртүрлі болуы мүмкін. ** Ұсынылған кірістер және бизнесті дамыту мысалдары жеке дара болып табылады және типтік емес. Тәуелсіз Серіктестердің мүмкін кірістері туралы қосымша ақпаратты www.Herbalife.com және www.MyHerbalife.com сайттарында жарияланған Herbalife Nutrition-мен төленетін Сыйақының орташа деңгейі туралы Жылдық есептен алуға болады. Аталмыш кіріс деңгейін қамтамасыз ететін бөлшек бизнесті құру ұзақ уақытты алады; Тәуелсіз Серіктестердің басқа Тәуелсіз Серіктестерді Демеуші ретінде оқытуы және қолдау көрсетуі бойынша қызметі олардың жеке таңдауы болып табылады және олардың табыс көзі болып табылатын комиссиялық және басқа сыйақы түрлерін иемденуге алып келеді.

-62 кг 19

Made with FlippingBook Annual report