5175KZ Spring-Summer 2020 Product Catalog FINAL_KZ

#шеф_гербалайф

«Прага» Торты Ингредиенттер: Қамыры: Формула 1 «Шоколад» — 12 өлшем қасық Жұмыртқа — 6 дана Алоэ өсімдік сусыны — 1 қалпақша 1% айран — 30 мл Сода — 1 шәй қасық Крем: 15% қаймақ — 250 г Формула 1 «Ваниль» — 6 өлшем қасық Сәндеуге арналған крем: 0% жұмсақ сүзбе — 200 г Формула 1 «Шоколад» — 2 өлшем қасық Какао — 5 г Табиғи кофе — 100 мл Киви — 1 дана ( 100 г ) Сәндеу үшін құлпынай — 120 г Дайындау тәсілі Жұмыртқаны көпіргенге дейін араластыру. Оған Формула 1 өнімін және айран қосу. Соданы Алоэ өсімдік сусынымен араластырып, қамырға қосу. Араластырып, пішінге салу, 15 минут 180 градуста пеште пісіру. Шелпек нан суығаннан кейін оны үш бөлікке бөлу. Қаймақты Формула 1 өнімімен араластыру, оны бірінші бөлікке жағу. Үстіне жемістерді қойып, екінші бөлігімен жабу, үстіне кофенің аз ғана мөлшерін себу – барлығын қайталау. Соңғы бөлікпен жабу. Жабындыға арналған барлық ингредиенттерді араластырып, осы қоспаны толығымен тортқа жағу. Құлпынай бөліктерімен сәндеу және тоңазытқышқа 2–3 сағатқа қою. 8 порция

1405 грамм

2058 ккал

162 г ақуыз

98,1 г май

123 г көмірсу

37

Made with FlippingBook Annual report